Әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (2010). 1993 жылы Көкшетау ауданындағы Еленовка орта мектебін алтын медальмен бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсті. Аталмыш университетті 1997 жылы «Әдеби аударма ісі» мамандығы бойынша аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесін және филолог, әдеби қызметкер, аудармашы квалификациясын алды. 1997 жылы "Әдебиеттану" мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 1999 жылы «Перевод «Слов назиданий» Абая на русский язык» атты магистрлік диссертациясын қорғады. 1998 жылы Абай атындағы, 1999 жылы М.Әуезов атындағы шәкіртақының иегері. 2000 жылдан қазірге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында ұстаздық қызметін атқарады. 2002 жылы «Перевод «Слов назиданий» Абая на русский язык» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2003 жылдан бастап қазақ әдебиеті кафедрасының доцент қызметін атқарады. 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасына түсіп, 2010 жылы «Воссоздание национального своеобразия романа-эпопеи М.О. Ауэзова «Путь Абая» на русский язык» атты докторлық диссертация қорғады. 2012-2013 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары. 2013 жылдың наурызынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін Рединг университетінде (Ұлыбритания) "Болашақ" бағдарламасы бойынша "педагогикалық диагностика: білім беру сапасын бағалау және басқару" ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті. 2008 жылы жарық көрген «Теория и практика перевода «Слов назиданий» Абая на русский язык» атты оқу құралында Абай «Қара сөздерінің» орыс тіліне аударылу мәселесі қарастырылып, В.Шкловский, С.Санбаев, К.Серікбаева және Р.Сейсенбаев аудармалары жан-жақты зерттеліп, аталған үш нұсқаны салыстырмалы түрде талдаған. 2010 жылы жарық көрген «Воссоздание национального своеобразия романа-эпопеи М.О. Ауэзова «Путь Абая» на русский язык» атты монографиясында М.О. Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясының ұлттық сипаты, оның орыс тіліндегі аудармаларда берілу ерекшелігі қарастырылған. 2023 жылдың тамыз айынан 2024 жылдың тамыз айына дейін Мичиган Мемлекеттік университетінде (АҚШ) "500 ғалым" бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, Болатова Гүлжан Жамбылқызы 90-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.  


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1999

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
10.10.2002
Доктор
13.01.2012

2

Болатова Гульжан Жамбыловна

2012 - г. 7 - стр. 1
3

Болатова Гульжан Жамбыловна

2012 - г. 6 - стр. 0
4

Болатова Гульжан Жамбыловна

Перевод устойчивых сочетаний в "Словах назидания" Абая 2011 - г. 20 - стр. 0
5

Болатова Гульжан Жамбыловна

2012 - г. 15 - стр. 0
6

Болатова Гульжан Жамбыловна

“Problems of National Recreation Touch “Edifying Words” Abay in the Translation in Russian Language”. 2013 - г. 10 - стр. 0
7

Болатова Гульжан Жамбыловна

“Abay’s works and issues in translation” 2013 - г. 8 - стр. 0
8

Болатова Гульжан Жамбыловна

Жумат Тлепов как исследователь казахской средневековой устной литературы 2014 - г. 4 - стр. 1
9

Болатова Гульжан Жамбыловна

Учет различия синтаксических возможностей двух языков 2014 - г. 10 - стр. 1
10

Болатова Гульжан Жамбыловна

Шешендік сөздердегі мақал мәтелдер 2016 - г. 6 - стр. 0
11

Болатова Гульжан Жамбыловна

Әуезовтанудың тарихы және қазіргі даму тенденциялары 2018 - г. 5 - стр. 58
12

Болатова Гульжан Жамбыловна

Translation interpretation of the novel-epic of M.O.Auezov “Abai’s path” by A.Kim// 2018 - г. 8 - стр. 109
13

Болатова Гульжан Жамбыловна

Abay’s «The Book of Words» in translation 2017 - г. 6 - стр. 44
14

Болатова Гульжан Жамбыловна

ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ «СОҒЫС» КОНЦЕПТІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 2020 - г. 6 - стр. 4
15

Болатова Гульжан Жамбыловна

Бақытжан Момышұлы шығармашылығының зертханасы 2020 - г. 5 - стр. 2
16

Болатова Гульжан Жамбыловна

Философиялық прозадағы интермәтіннің экспрессивтік қызметі (Б.Момышұлы «След птицы в небе» романының негізінде) 2022 - г. 9 - стр. 75
17

Болатова Гульжан Жамбыловна

РЕФЕРЕНЦИЯ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫЛЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ 2022 - г. 9 - стр. 67